Өнім

«Кузнецкий» разрезі» ЖШС жоғары жылутехникалық сипаттамасы бар көмірленудің жоғары дәрежелі отыны Б-3 маркалы байытылмаған қоңыр көмірді ұсынады. Қоңыр көмірдің ең төмен жану жылуы  4500 -4900 ккал/кг құрайды, бұл басқа көмірлермен салыстырғанда отын шығынының үлес салмағын  20-25 % қысқартуға мүмкіндік береді. 

Ұсынылатын өнім: 

  • Қарапайым көмір: 0 – 300 мм 
  • Сортты көмір: 0 – 20 мм, 50 – 150 мм, 50 – 300 мм

«Кузнецкий» разрезінің көмірі сапалық мінездемесі бойынша энергетикалық отын ретінде, яғни коммуналдық-тұрмыстық қажеттеіліктер үшін пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ бұл көмірлер майлы көмірлердің майлылығын төмендеткіш қоспа ретінде кокстау үшін пайдаланылуы мүмкін. Қоңыр көмір энергетика кәсіпорындарында ұсатқан күйде және  қатпар күйінде жағу үшін қолданылады. Қоңыр көмір коммуналдық қазандықтар мен ЖЭЦ отын ретінде сұранысқа ие, оның үстіне сортты көмір тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылады.   

Көмірді сату мынандай жолдармен жүзеге асырылады: 

  • Жаңа станциясынан – Қарағандыға дейін
  • көмір разрезінен өзі тасымалдау
  • темір жолдың тұйықталған басынан өзі тасымалдау  

Көмірдің сапалық сипаттамасы (кесте түрінде)

Күлділігі, %

16

Ылғалдылығы, %

17

Ұшпа заттардың шығуы, %

48

Жанудың төмен температурасы

4700

 

Сертификаттар:

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика