• s01
  • s02
  • s03

Сәлемдесу

Құрметті достар, «Кузнецкий» разрезі» ЖШС компаниясының интернет-сайтына қош келдіңіздер!   

Біз өз сайтымызда компания туралы, оның стратегиялық мақсаттары, басымдықтары мен жұмыс қағидаттары туралы барынша толық әңгімелеуге әрі ақпарат беруге тырысамыз. 

«Кузнецкий» разрезі» ЖШС бүгінгі күні – серпінді дамып келе жатқан қазақстандық көмір өндіру компаниясы, аймақтағы жетекші көмір өндіруші және жеткізушілердің бірі. 

Алғашқы жұмыс істеген жылдан бастап біз алдымызға биік міндеттер қоя білдік. Біз кәсіпорындарды жаңа жабдықтармен жарақтаймыз, барынша тиімді де қауіпсіз технологиялар енгіземіз, ішкі, сыртқы жаңа нарықтарды меңгереміз. Әлеуметтік жауаптылыққа деген жаңа тәсілдерді ойластырамыз және қызмет барысында корпоративтік басқарудың үздік стандарттарына сүйенеміз.  Біз осы аталған мақсаттарға қол жеткізуде табандылық пен бірізділіктен таймауға тырыстық және көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.   

Біздің басты құндылықтарымыз:  

  • бизнесте алда болу
  • тұрақты жетілдіру үдерісі
  • клиенттер мен серіктестерге ашық болу
  • әлеуметтік жауапкершілік
  • экология және қауіпсіздік
  • энерготиімділік пен энергоүнемдеу

«Кузнецкий» разрезі» ЖШС көңіл бөлгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз 
Бас директор 
Левинский Анатолий Владимирович

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика